Басты Жаңалықтар 60-қа жуық ғылыми жобаға қаржы құйылды

60-қа жуық ғылыми жобаға қаржы құйылды

Өткен жылы ғылым саласында елеулі жетістіктері аз болмады. Әсіресе, ғылыми жобаларды іске асыруға қаржылай қолдау артты. Былтыр ғалымдар 400-ден аса жоба ұсыныса, соның 59-ы мақұлданған. Ғалымдар радиацияға және жоғары температураға төзімді керамикалық материалдар әзірлеп, оларды қолданысқа енгізуге мүмкіндік мол екенін көрсетті. Ал медицина саласында биополимерлік наноқұрылымдарға негізделген дәрі жеткізу жүйесі әзірленді. Оның ішінде туберкулезді емдеуге арналған инновациялық жобалар бар. Сондай-ақ, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістері клиникалық тәжірибеде сынақтан өтті. Бұған қоса, пробиотиктер мен антиоксиданттарға бай тағам өнімдерінің бір бөлігі өндіріске енгізілді. Былтыр ғылыми жобаларды қаржыландыру тетігі қайта қаралып, нақты ғылыми-технологиялық нәтиже беретін жобаларға грант бөліне бастады.


Бөлісу