Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу талабы өзгереді
Биылдан бастап елімізде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу талабы өзгереді. Осылайша, өз бетінше жұмыс істеп, жалдамалы қызметкер ұстамағандар өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде танылады. Мұндай санатқа курьер, такси жүргізушісі, жеке оқытушы, құрылысшы сынды 40-қа жуық қызмет түрі жатады. Оларға 1 наурызға дейін оңайлатылған декларация режиміне көшу туралы хабарлама келеді. Егер ескерту хаты келмесе, олар автоматты түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден шығарылады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардың айлық табысы 1 млн 300 мың теңгеден аспауы керек.
Айжан Бекеева, қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:
Салықтардың орнына табысынан 4 пайызы әлеуметтік төлемдер төлейді. Бұл сомма зейнетақы, әлеуметтік, медициналық қорларға бөлінеді. Салық есептілігі тапсырылу талап етілмейді. Төлемдерді есептелу және төлеу фискалды чектері негізінде жүргізілетін болады.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда Халықаралық шахмат турнирі басталды
13.10.2026, 20:29
Ұстаз Қанипа Бітібаеваның әдістемесі мектептерде пайдаланылады
13.10.2026, 20:26
Сарапшылар: Қазақстан Конституциясы сөз бостандығына кепілдік береді
13.10.2026, 20:08
Әлем жаңалықтарына шолу
13.10.2026, 20:06
Жедел жәрдем бригадасының қозғалысын картадан бақылауға болады
13.10.2026, 20:05
Бельгия Королі мен Патшайымы қазақтың ұлттық дәстүрлерімен танысты
13.10.2026, 20:05
Бельгиямен байланыстың жаңа белесі басталды
13.10.2026, 20:05
«Алтын виза» енгізіледі: Құрылтай көші-қон заңнамасын жетілдіруге кірісті
13.10.2026, 20:04