Кәсіпкерлерге кеңес беретін «Халық бухгалтері» акциясы басталды
Бүгіннен бастап кәсіпкерлерге кеңес беретін «Халық бухгалтері» акциясы басталды. Мақсат – Салық кодексін түсіндіру. Себебі биылдан бастап жүйеге қатысты өзгеріс көп. Енді арнайы салық режимдері үш түрге бөлінеді. Ал қосылған құн салығы 16 пайызға дейін ұлғайды. Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері бухгалтерлік, салықтық есеп және ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу дағдыларын түсіндіреді. Мамандардың айтуынша, арнайы салық тәртібіне қатысты өзгерістерді дер кезінде ескермеген кәсіпкерлер автоматты түрде басқа жүйеге ауыстырылуы мүмкін. Жаңа салық талаптарын нақтылау үшін мемлекеттік кірістер департаментіне жүгінген жөн. Сондай-ақ Call-орталық пен SalykBot Telegram-арнасынан да ақпарат алуға болады. «Халық бухгалтері» акциясы 30 маусымға дейін жалғасады.
Алмас Ерқожаев, кәсіпкер:
Жаңа өзгерістер болып жатыр ғой. Соны білейін деп, бірінші күн ғой. ЖШС-лармен жұмыс істей аламыз ба деп. Қазір келді, бәрін түсіндіріп берді.
Әйгерім Дүмшебаева, Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы:
Арнайы салық режимі бойынша көп жеке кәсіпкерліктер өздерінің жұмыс істеген салық режимдерінде қалғылары келеді. Сол бойынша олар осы сұрақтар бойынша келіп, консультация алады. 25-ке жуық адам келді, соның жартысына өтініш беруге көмектестік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы