Басты Жаңалықтар Ресейде бензин бағасы қымбаттады

Ресейде бензин бағасы қымбаттады

Ресейде АИ-92, 95 маркалы бензині тағы қымбаттады. Қыркүйек айында литрі 66 рубльден саудаланған бензин бағасы қазір 80 рубльден асып кеткен. Ал үкімет ішкі нарықты қолдау үшін бензин экспортына тыйым салуды ақпанға дейін ұзартуды жоспарлап отыр. Кей облыстарда 1 наурыздан бастап бензин мен дизель отынын сатып алу кезінде паспорттық бақылау орнатылмақ. Ал Мәскеу, Ленинград, Рязань, Нижний Новгород облыстарында бір адам  тек 10-20 литр жанармай сатып ала алады. «Лукойл» бензинді канистрлерде сатуға тыйым салды. Басты себеп: Ресей мұнай өңдеу қуатын кем дегенде 17% жоғалтты. Бірқатар зауытқа күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр, не жабылып қалды. Үкімет жанармай дағдарысын шешу үшін сапасыз бензин шығару туралы ұсыныс білдіріп, сынға ұшырады.

Станислав Митрахович, РФ Үкіметі жанындағы Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қоры мен қаржы университетінің жетекші сарапшысы:

Салық жүйесінде өзгерістер керек деп есептеймін. Қазіргі салық жүйесі бұл саладағы өндірушілер үшін тиімсіз. Мұнай компанияларына жүктеме үлкен. Сондықтан шыққан шығын ақталмайды, олар өндіріс қуатын арттыруға құлықсыз. Жанармай дағдарысы келесі жылы да жалғаспауы үшін салықты азайту керек.

Бөлісу