Басты Жаңалықтар Ресейде 5 миллион жұмыс күші жетіспейді

Ресейде 5 миллион жұмыс күші жетіспейді

Ресейде бес миллион жұмыс күші жетіспейді. Өнеркәсіп, құрылыс, логистика және көлік саласында кадр дефициті артты. Тек Мәскеу қаласының өзіне 500 мың жұмысшы қажет. Яғни, ірі мегаполисте бос жұмыс орындарының саны рекордтық деңгейге жетті. Басты себеп: демографиялық аухалдың нашарлауы, еңбекке жарамды халықтың азаюы және шетелдік жұмысшылардың жаппай елден кетуі. Осыған дейін Ресейде жыл сайын 10 миллионға жуық еңбек мигранты жұмыс істейтін. Қазір олардың саны екі есе қысқарды. Мамандар 2026 жылдан бастап Ресей экономикасына 12 миллион жұмысшы қажет болатынын айтады. Кадр дағдарысы ұзақ мерзімге жалғасады. Мәселені шешу үшін үкімет кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртып, Үндістаннан екі миллион еңбек мигрантын тартпақ.

Олег Владин, кәсіпорын басшысы:

Санкцияға байланысты кәсіпорында жұмыс орындарын қысқарттық, себебі өндіріс көлемі азайды. Бірақ әлі де бос жұмыс орындары баршылық. Сол үшін серіктестерден көмек сұраймыз, басқа елдерден жұмысшы тартамыз.
 

Бөлісу