Басты Жаңалықтар Еңбек адамының құқығын қорғау жүйесі күшейтіледі

Еңбек адамының құқығын қорғау жүйесі күшейтіледі

Еңбек адамының құқығын қорғау жүйесі күшейтіледі. «AMANAT» партиясы мен Кәсіподақтар федерациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат қызметкерлерге құқықтық қолдау көрсетуді нығайтуға және еңбек пен әлеуметтік заңнаманы жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұл туралы қос тараптың кездесуінде белгілі болды. Меморандум аясында ұжымдық шарттарды дамыту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік әріптестік тетіктерін нығайту көзделген. Келісім еңбек адамының құқықтарын қорғау бойынша партия мен кәсіподақтың бірлескен жүйелі жұмысын жолға қояды. Бастама «Жұмысшы мамандықтары жылы» шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Қазіргі таңда мәслихаттарда кәсіподақтық платформа бойынша 247 депутат жұмысшылардың мүддесін қорғайды. Олардың 93 пайызы - «AMANAT» партиясының мүшелері.


Бөлісу