Ресейде қазақ ұйымдарының саны артты
Ресейде қазақ ұйымдарының саны артты. Мәдени орталықтар ұлттық дәстүрді дәріптеп, салт-дәстүрді жаңғыртуға үлес қосуда. Бүгінгі күні іргелес елде 600 мың қандасымыз тұрып жатыр. Толығырақ тілшіміз тарқатады.
Бұл Мәскеудегі қазақ мәдени орталығы. Мұнда қандастарымыз ай сайын түрлі байқаулар өткізіп, қазақтың бай мәдениетін паш етеді. Басты мақсат – шетте жүрсе де, жастардың бойында ұлтқа деген махаббатты арттыру, ана тілін ұмытпау.
Жарқын Өтешова, Мәскеудегі «Астана» қорының президенті:
Біз жастарымызға, сондай-ақ өзге ұлт өкілдеріне ұлттық аспаптарымызды көрсетіп, насихаттаймыз. Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай шаралар өткіздік. Абай атамыздың мұрасын зерттеу, шығармаларын насихаттау бойынша да жұмыс жүргізілуде.Ресейдің өзге де өңірлерінде қандастар қазақ өнерінің өзегін сақтап, ұлттық дәстүрдің нәрін жас ұрпаққа жеткізуді мұрат тұтады. Жыл өткен сайын би топтарының саны артып, домбыра сыныптары көптеп ашылуда.
Халел Омаров, Ишим қаласы қазақ ұлттық мәдениет орталығының төрағасы:
Тіл десең, тіл үйреніп жатырмыз. Мәдениет дамыту десеңіз, мәдениетті дамытып жатырмыз. Ешкімнен кемшілігіміз жоқ. Бүгінгі күні Ресей қазағы мен Қазақстан қазағының қатынасы өте жақсы.Владислав Квасов, Қазақстанның түмендегі құрметті консулы:
Ұзақ жылдар бойы түрлі ұлт өкілдері тату өмір сүруде. Үлгі ретінде Түмен облысындағы қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясын мысалға келтіруге болады. Олар үнемі әртүрлі шараларды өткізіп, барлық облыстың құрметіне бөленуде.Жалпы Ресейдегі түрлі деңгейдегі қазақ орталықтарының саны 50 ге жуықтады. Алдағы уақытта Мәскеуде тағы бір қазақ мәдениетінің орталығын ашу жоспарланып отыр.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06