Аяз, көктайғақ, кептеліс: Қалада көлік қозғалысы қиындады
Кешелі-бері жер-жерде күн күрт суытты. Алматыға бүгін қалың қар түсті. Ал Астанаға бір күннің ішінде қармен бірге аяз келді. Шымкентте жайма шуақ. Алдымен Алматыға кезек берейік. Өйткені қалада қозғалыс қиындады. Қалың қар түскелі 76 жол-көлік апаты болып, 11 адам зардап шекті. Әуе рейстері де кешігіп жатыр.
Нұрдәулет Сыздық, тілші:
Күн күрт суытқалы Алматыда қозғалыс қиындап, 10 балдық кептеліс пайда болды. Қоғамдық көліктердің де жұмысы баяулаған. Тұрғындар автобустарды ұзақ күтетінін айтады. Сондықтан жолдарға құм-тұз қоспасын себуді, уақытылы қарды тазалап, қоғамдық көлік жұмысы реттелсе дейді.
Алматы әуежайында ұшақтар өз уақытынан кешігіп жатыр. Кей бағыттар, тіпті, кейінге шегерілді. Ал қалада коммуналдық сала мамандарының жұмысы қызған. 2 мың 700 жұмысшы және 75 жедел бригада жұмылдырылды. Көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға 554 тонна инертті материал төселген. Синоптиктердің айтуынша, Алматыда аптаның ортасына дейін ауа райы тұрақсыз. 11-12 желтоқсанда жауын-шашынсыз болғанымен, түнде қатты аяз сақталады, жолдарда көктайғақ қаупі бар.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ЖИ және инновация мектебі ашылады
21.01.2026, 13:27
21 қаңтар – Инженерлік әскер күні
21.01.2026, 13:24
Көкшетаудағы колледжде шағын цехтар ашылды
21.01.2026, 13:21
Түркістан облысында 9 ұры ұсталды
21.01.2026, 13:18
Әзербайжан мен Армения арасында ынтымақ нығайды
21.01.2026, 13:15
Президент Давос қаласына жұмыс бабымен барады
21.01.2026, 13:12
Елімізде білім, ғылым және жоғары технология саласына қомақты инвестиция салынады
21.01.2026, 13:09
Балаларды әлеуметтік желіден шектеуі мүмкін
21.01.2026, 13:06