Мәскеуде қазақ батырының ұрпақтары туралы фильм көрсетілді
Мәскеуде Брест қамалын қорғаған қазақ батырының ұрпақтары туралы фильм көрсетілді. Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік танытқан қазақ жауынгері Қасым Жарменов және оның ұрпақтары туралы «Цитадель» деректі фильмінің премьерасы өтті. Фильм Ресейдің бірнеше қаласында түсірілген.
Қасым Жарменов алғашқы шайқасын 1941 жылы 22 маусымда Брест қамалында өткізді. Ол тұтқынға түсіп, нацистік концлагерьлерден өтіп, ол жақтан қашып шыққан. Кейін Чехословакияда партизан болып, Жеңісті сонда қарсы алды. Соғыстан кейін Шымкентке оралып, мектеп мұғалімі болды.
Екатерина Соловьева, көрермен:
Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Бабалардың ерлігі атадан балаға мирас ретінде беріліп, ұлықталуы тиіс. Мен өзім Шымкенттің тумасымын, қызым екеуміз бұл фильмге келіп, ерекше әсер алдық. Себебі қазақ батырлары жеңіске сүбелі үлес қосты.
80 жылдан кейін оның немересі Денис пен шөбересі Тимур ата-бабасы ерлік жасаған жерге барып қайтты. Олар Брест қамалының аумағынан бір уыс топырақ алып, Қасым Жарменовтың қабіріне апарды. Осы сапардың басты оқиғалары аталған фильмнің сюжет желісіне негіз болған.
Андрей Выползов, саясаттанушы:
Жастар өткен ғасырда болған соғысты әртүрлі қабылдайды. Жаумен күресіп, жан берген батырлар туралы жастарға осылай фильмдер арқылы көрсетуіміз керек. Себебі Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңістің 80 жылдығына орай шаралар циклы жалғаса береді.
Сондай-ақ шара барысында қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесі туралы кітаптардың таныстырылымы өтті. Жақында майдангер Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Курландия» романы да орыс тіліне аударылады. Соғыстан кейін жазылған бұл шығарма әлі өзге тілдерге аударылмаған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы