Қалың қардың кесірінен Алматыда жол апаты көбейді
Алматыда қалың қар жауып, 60-қа жуық жол апаты тіркелді. Салдарынан 9 адам жарақат алған. Ауа райынан әуе рейстері де кешігіп жатыр. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, ақ ұлпаның қалыңдығы 35 сантиметрге жеткен.
Нұрдәулет Сыздық, тілші:
Алматыға қалың қар түсіп, қаладағы қозғалыс қиындады. Ұзын-сонар кептеліс пайда болып, қоғамдық көліктердің жүру уақыты кешеуілдеді. Мегаполисте 58 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Қалалық Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жолда барынша сақ болуға шақырып жатыр.
Нұрдәулет Сыздық, тілші:
Алматы әуежайында да ұшақтар уақытынан кешігіп жатыр. Кей бағыттар тіпті кейінге шегерілді. Тек әуежайда емес, қалада да қозғалыс баяулап тұр. Қазір коммуналдық қызметтер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Қарды тазалауға 2700-ден астам маман, 75 бригада жұмылдырылған. Мыңнан астам техника тоқтаусыз ақ ұлпаны күреп жатыр.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06