Басты Жаңалықтар Жас таланттар Мәскеуде бас жүлдеге ие болды

Жас таланттар Мәскеуде бас жүлдеге ие болды

Жас қазақстандық өнерпаздар Мәскеуде бас жүлде жеңіп алды. «Каспий құбыр консорциумы талантты балаларға» халықаралық фестивалі шын таланттарды тауып, оларға қолдау көрсетуге бағытталған. Бағдарлама аясында балалар екі елдің танымал мәдениет сарапшыларының шығармашылық шеберлік сабақтарынан өтті, Мәскеудің басты көрікті жерлерін аралады. Жыл сайын шарапаты мол шараға қатысушылардың саны да артып келеді.

Қыл қобызды киелі сахнаға шығарып жүрген жас өнерпаз Алтынай Жетесова отбасымен бірге байқауға қатысты, жеңімпаздардың қатарынан көрінді. Оның айтуынша, бұл фестиваль жас таланттардың жүрегіне от беріп, шығармашылығын шыңдауға үлкен мүмкіндік.

Алтынай Жетесова, байқауға қатысушы:

Осы байқауға себепші болған біздің ата-анамыз. Біз өзіміз отбасылық ансамбль болған соң бәріміз бір отбасыда тұрамыз. Мен қобызды жеті жыл бойы ойнап келдім және осы ансамбльде өнер көрсетемін.

Фестивальге елімізден Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Орал, Ресейдің Астрахань, Элиста, Краснодар, Новороссийск қалаларынан балалар қатысуға ниет білдірген. Биыл байқауда 2000-нан астам қазақстандық талантты бала, ал Ресейді қосқанда жалпы 20 мыңнан астам өнерпаз бақ сынады.

Қайыргелді Қабылдин, «КҚК-Қ» АҚ бас директорының ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары:

Балалардың өнерін, қазақтың дәстүрін көрсету үшін қызмет жасап, сондай мүмкіншілік беріп жатырмыз. Бүгінгі мына конкурста, Мәскеуде 30-дан астам Қазақстанның лауреаттары келіп, қатынасып жатыр. Оның ішінде осы халықаралық конкурстың  жеңімпаздары бар.

Қазақстан Каспий құбыр консорциумы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларын қолдауға ерекше көңіл бөледі. Бұл халықаралық бәсекеге шалғай ауылдардан да өнерпаздар қатысып, жүлдеге ие болды. Байқаудың жеңімпаздары Мәскеу төрінде Қазақстан павильонында өнер көрсетіп, көпшілікті тәнтті енді. Сондай-ақ Ресей астанасында гала-концерт ұйымастырды.

Бөлісу