Зейнетақы жарналары төленбеген 38 мың адамның есепшоты бұғатталуы мүмкін
Келер жылы зейнетақы жарналары төленбеген 38 мың адамның есепшоты бұғатталуы мүмкін. Жаңа норма өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға, жеке кәсіпкерлерге және интернет-платформа арқылы табыс табатын тұлғаларға да қатысты. Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік қарыз 1 теңгеден асқан жағдайда салық төлеушілердің есепшоты толықтай бұғатталатын. Енді берешек сома 6 АЕК-тен, яғни 25950 теңгеден асса ғана есепшот жабылады.
Қайсар Арын, ҚР ҚМ МКК Аудит департаменті берешекпен жұмыс басқармасының басшысы:
Салық төлеушінің есепшоты толық бұғатталмайды. Ол тек қарыз көлемінде ғана. Бізде 1 теңге, 10 теңге, 100 теңге қарызы болса, өсіппұл болса, қазіргі таңда есепшот бұғатталады. Қазіргі таңда ол өнеркәсіпке кері әсерін тигізіп жатыр.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, зейнетақы жарналары бойынша қалыптасқан қарыздың жалпы көлемі 11,3 млрд теңгені құрайды. Борышкерлер саны 171 мыңнан асады. Соның ішінде 38 мың адамның есепшоты бұғатталуы мүмкін. Сәйкесінше, олар бірнеше банктің қызметтен қағылады.
Балжан Бақытқалиқызы, сарапшы:
Жеке тұлға ретінде де, дара кәсіпкер ретінде де шоттар бұғатталады. Мысалы, кейбір азаматшалар несие алғысы келеді. Несие алатын кезде жаңа шот ашылады. Одан олар үзіледі. Қарызды төлегеннен кейін барып шот ашылады. Ондай кішігірім қарыз жеке кәсіпкерлерде болады. Өсімпұл негізінде болған. Немесе айларды дұрыс қоймаған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы