Үкімет басшысы отандық дәрі өндірушілерге ескерту жасады
Үкімет басшысы Олжас Бектенов отандық дәрі өндірушілерге ескерту жасады. Яғни, бағаны негізсіз көтеруге жол жоқ. Биыл дәрілердің бағасын төмендету арқылы мемлекет 36 млрд теңгеден астам қаржы үнемдеген. Мәселен, «Иматиниб» дәрісі бойынша баға 9450 теңгеден 2348 теңгеге арзандады. Осындай бірқатар жоғары шығынды дәрілік заттар бойынша бағалар 50%-дан 300%-ға дейін төмендеген. Бұл ең алдымен онкологиялық препараттарға қатысты. Ал үнемделген ақша халықты қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бағытталады.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Сатып алу бағаларының төмендеуі өндірушілер мен жеткізушілерге ұнай бермейтіні түсінікті. Отандық фармацевтикалық өндірушілерге айтарым - біз Сіздерді әрі қарай да қолдаймыз. Оған ешқандай күмән болмасын. Бірақ мемлекеттік қолдау шаралары сапалы медициналық өнімді жеткізетін және бағаны жасанды түрде өсірмейтін нарықтың адал қатысушыларына ғана көрсетіледі.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49