Ресейде 1.5 миллион адам банкрот деп танылды
Ресейде 1.5 миллион адам банкрот деп танылды. Бұл соңғы алты жылдағы рекордтық көрстекіш дейді мамандар. Санкция қыспағына ұшыраған ресейліктер қымбатшылықтың салдарынан қарызға батқан. Ал Орталық банк базалық мөлшерлемені тағы көтеруі мүмкін.
Тек соңғы 12 айда банкрот деп жарияланған азаматтардың саны 20% - ға өсті. Орталық банктің мәліметінше, тұтынушылық несиелер бойынша берешек рекордтық 15 триллион рубльге жеткен. 2014 жылы және 2022 жылдан бері қайта енгізілген экономикалық санкциялар экономикалық секторға айтарлықтай әсер етті. Елден 5000 компания кетті.
Арсений Федоров, қала тұрғыны:
Санкцияның салқынын әлі сеземіз, қиындықтар алда деп ойлаймын. Осыған дейін қажетті импорттық затымызды сатып ала алмай қиналдық. Ал қазір бұл барлық салаға кері әсерін тигізуде.Іргелес елде жылдық инфляция деңгейі 14% жетті. Санкция ең алдымен инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне, жұмыс орындарының қысқаруына және тұрғындардың табысының төмендеуіне әсер етті. Бірнеше жылда Орталық банк базалық мөлшерлемені жеті рет көтерген. Сондықтан көптеген ірі компаниялар жабылуда.
Олег Николаев, кәсіпкер:
Санкция басталмай тұрып, Батыс елдері бізге техника жағынан көп көмектесетін. Шектеулерден соң қолдау тоқтады. Жоғары стандартпен жұмыс істейтін едік. Әсіресе энергетикалық нысандар үшін техникалық қолдау өте маңызды.Енді Ресейдің компаниялары халықаралық қаржы нарығынан да шеттетілді. Яғни кәсіпкерлер шетелдік несиелерді тарту және облигацияларды шетелге шығару мүмкіндігінен айырылды, бұл шамамен 20 миллиард доллар қарыз алу мүмкіндігін шектейді.
Станислав Свириденко, сарапшы:
Санкция салынған бірінші күннен бастап басты мәселелердің бірі – тұрғындардың банк алдында қарыздарын өтей алмауы. Өйткені табыс инфляцияға ілесе алмауда. Сондай-ақ халықтың қаржылық сауаты төмен.Болжам бойынша, жаңа санкицялар пакеті мұнай мен газдан түсетін кірістерді азайтады. Қазынаға түсетін қаражат кем дегенде 10-15% - ға қысқаруы мүмкін. Бұл елді тағы қымбатшылық қыспаққа алады деген сөз.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12
БҚО – білім сапасы жоғары, үздік өңірлердің қатарында
14.08.2026, 20:08
Аида Балаева балалардың білімі мен жазғы демалысы мәселелері бойынша кеңес өткізді
14.08.2026, 20:08
Бейәдеп сөзге жол жоқ: Подкаст пен әндерге мониторинг жүргізіледі
14.08.2026, 20:06
Қазақстандықтар Кореяда ресми түрде жұмыс істей алады
14.08.2026, 20:05
Алматы мен облыстың бірқатар ауданында бірнеше сағатқа жарық өшті
14.08.2026, 20:03
Шымкентте жарық беру жүйесі толық қалпына келтірілді
14.08.2026, 20:02