Басты Жаңалықтар Ресейде жолаушы ұшақтарында төтенше жағдайлар жиіледі

Ресейде жолаушы ұшақтарында төтенше жағдайлар жиіледі

Ресейде азаматтық авиация саласында бір аптада онға жуық төтенше жағдай тіркелді. Санкция салдарынан бұл салада ұшақ саны азайды. Мәселен осыдан үш жыл бұрын Ресейде 700-ден астам әуе кемесі болған. Экономикалық шектеулер енгізілген соң Boeing және Airbus ұшақтары жеткізілмеді, ал барын жөндеуге қосалқы бөлшектер тапшы.

Батыс елдері Ресейге лизингке ұшақ беруден бас тартқан. Тікелей техникалық қызмет көрсету жағы да қиындаған. Іргелес ел МС-21 және Су-75 сияқты жаңа ұшақтарды жасап жатқанын мәлімдеген еді, алайда оны қолданысқа енгізуге кем дегенде бес жыл керек. Әуе компанияларының мәліметінше, бұл ұшақтар әзірге қауіпсіздік талаптарына сай емес.

Андрей Патраков, сарапшы:

Азаматтық авиация саласы Ресейге салынған санкицяларға байланысты көптеген қиындықтарға тап болды. Ең басты мәселе – ұшуға жарамды ұшақтардың тозуы, сондықтан әуе компаниялары өздері шешім қабылдауда. Яғни ұшақ ұшу кезінде қауіп төндіруі мүмкін болса, оны қолданыстан шығарады. Сондықтан Ресейде әуе паркінің саны күрт қысқарды, билет бағасы да ай сайын қымбаттап жатыр.
 


Бөлісу