Басты Жаңалықтар Ел ішінде 12 криптобиржа жұмыс істейді

Ел ішінде 12 криптобиржа жұмыс істейді

Елімізде 12 криптобиржа жұмыс істейді. Бұл жөнінде Сенатта өткен жиында мәлім болды. Сала министрлігі өкілінің айтуынша, «Цифрлық активтер туралы» заң қабылданғаннан кейін елімізде жұмыс істейтін 70 майнерге лицензия берілген. Тізілімге 400 мыңнан астам жабдық енгізіліп, майнинг пулы аккредиттеліп, 12 криптобиржа жұмыс істеп жатыр. Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов, цифрлық қаржы активтерін реттеуге және криптовалюта айналымын көлеңкеден шығаруға бағытталған заңнамалық түзетулерге егжей-тегжейлі тоқталды. Әзірленген шаралардың ішінде криптовалюталарды лицензиялау, олардың қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу, инвесторларды қорғау, транзакцияларға бақылауды күшейтуді енгізу көзделген.

Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: 

Негізгі цифрлық актив саласында заңдастыру мәселесі бір, бақылауға алу екі, үшінші салық көлемін ұлғайту  бойынша үш. Төртінші инвестиция тарту мәселесі толық шешім табады деп заңға өзгерістер енгізілген.

Ернар Қапанов, «Астана» халықаралық қаржы орталығы мемлекеттік қатынастар бөлімінің  директоры:

Қазір цифрлық актив нарығында екі нарық пайда болайын деп жатыр. Біріншісі Астана халықаралық қаржы орталығында қалыптасқан, 2018 жылы бастап келе жатқан нарық бар. Сол туралы сөйлесек, қазіргі осы жылдың  9 айында 50,4 млрд доллар айналым болды, цифрлық активтердің айналымы дейміз ғой. 
 


Бөлісу