Мемлекеттік кеңесші ЮНИСЕФ аймақтық директоры Реджина Де Доминичиспен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматыда БҰҰ Балалар қорының Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Реджина Де Доминичиспен кездесті. Ерлан Қарин балаларды қорғау және олардың қауіпсіздігін сақтау мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін әрі бұл мәселе ел Президентінің жіті назарында тұрғанын атап өтті. Елде балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар 30 пайызға, ал балалар мен жасөспірімдерді жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеу қылмыстары 12,5 пайызға азайды. Зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу шараларын енгізуге қатысты 7 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Реджина Де Доминичис Қазақстанда қабылданған шаралар, өңірге ғана емес, Еуропаның бірқатар мемлекетіне үлгі болып отырғанын айтты.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАуруханаға жеткізілген сарбаз есін жинады
25.09.2026, 11:19
Маңғыстаудағы жағдай: Екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды
25.09.2026, 11:13
30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды
25.09.2026, 11:10
Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды
25.09.2026, 11:05
Каспийдегі қайғылы оқиға: Әр лауазымды тұлға қатаң түрде жауап береді
25.09.2026, 11:05
Құтқарушылар екі сарбаздың денесін судан шығарды
25.09.2026, 11:05
Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні
25.09.2026, 11:02
Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасына қаржылай көмек көрсетеді
25.09.2026, 10:19