Ресейдің шекаралас аймақтарында қазақ тіліне сұраныс көбейіп келеді
Ресейдің шекаралас өңірлерінде қазақ тілін үйренуге сұраныс артты. Қазақтар көп шоғырланған өңірлерде орта мектептерде де оқытыла бастады. Неше жылдан бері Ресейдің білім жүйесіне сай оқулықтың жоқтығы тіл үйретуге кедергі келтіретін. Бұл мәселе де шешімін тапты. Енді барлық сынып оқушыларына қазақ тілі оқулықтары шығарылды.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Алтай өңірінің мұғалімдері көз майын тауысып, өз
күшімен қазақ тілі оқулықтарын жазып шықты. Бұл кітаптар Ресейдің білім беру
стандартына сай келеді. Сондықтан енді Түмен, Омбы, Астрахан сияқты өңірлерінде
орта мектептерде қазақ тілі міндетті пән ретінде оқытыла алады. Әрине ата-аналардың
тарапынан сұраныс болса.
Жания Мұсанова, оқушы:
Мен қазақ тілін үйренгім келеді. Атам мен әжем кішкентай кезімде үйрете бастады. Сондықтан қазақ тілі үйірмелеріне қатысамын. Қазақ тілі өте әдемі.
Жуырда Мәскеуде қазақ ұлттық мәдени орталығы ашылса, онда да тіл үйірмелері
болады деген үміт бар. Қазір Ресей астанасында Қазақстан павильонында қазақ
тілі аптасына бір рет тегін оқытылып жатыр.
Гүлбайра Абайқызы, қазақ тілі мұғалімі:
Бастағанда, 2002 жылы бастағанбыз. Ол уақытта балалар азырақ болған соң 2005 жылдары тоқтатып тастадық, себебі ата-аналардың тарапынан сұраныс болмады. Былтырдан бастап қарап жүрміз, балаларда қызығушылық пайда болды. Балалардың өздері ата-аналарына сұрақ қоя бастады, мен өз тілімді неге үйренбеймін деп.
Өңірлердегі ендігі басты мәселе – қазақ тілінен сабақ беретін маман тапшы.
Осылайша көрші елдегі қандастар қазақ тілін жетік меңгергісі келеді. Жалпы Ресейде
600 мың қазақ бар.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралдағы ерікті Ерліктің ерлігі жастарға өнеге
04.05.2026, 13:18
Ақтөбеде қоқыс тастағандарды ЖИ анықтап жатыр
04.05.2026, 13:15
Алматыда GITEX AI Kazakhstan форумы басталды
04.05.2026, 13:12
АҚШ Ормұз бұғазындағы кемелерге көмектесетіндерін мәлімдеді
04.05.2026, 13:09
Павлодарда Өзбекстан азаматы ұсталды
04.05.2026, 13:06
Риддердегі ЖЭО-ны жөндеуге ₸ 1 млрд 800 млн бөлінді
04.05.2026, 13:03
БҚО-да автогазды жеткізу артады
04.05.2026, 13:00
Әлем сарапшылары қазақы тазыға жоғары баға берді
04.05.2026, 10:32