Ұлттық ұланнның 400 сарбазы білім грантына ие болды
Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жатқан 400 жауынгер жоғары оқу орнында тегін білім алады. «Сарбаз 2.0» республикалық бағдарламасы аясында жастарға осындай мүмкіндік беріліп отыр.
Жалпы қорғаныс саласы мен жоғары оқу орындары арасында 2023 жылы серіктестік орнаған. Соның шеңберінде, биыл ұландықтарға жалпы саны 1300-ге жуық білім гранты бөлінді. Келісімге сәйкес жауынгерлік дайындық, тәртіп және арнайы тапсырмаларды орындау кезінде үздік нәтиже көрсеткендер мемлекеттік білім гранттарын иеленеді. Бұған қоса байқау жеңімпаздарына шәкіртақы, жатақханада тегін тұру және әскери кафедраға конкурстан тыс қабылдану құқығы беріледі.
Сұңғат Шәмші, грант иегері:
Осы әскерде қызмет еткен бір жыл ішінде тек әскери билет қана алып қоймай, университетте тегін оқуға грант ұтып алдым. Осындай бізге мүмкіндіктер сыйлаған ҰҰ бас қолбасшылығына үлкен рахмет айтамыз. Әскерге келіңіздер!
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАуруханаға жеткізілген сарбаз есін жинады
25.09.2026, 11:19
Маңғыстаудағы жағдай: Екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды
25.09.2026, 11:13
30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды
25.09.2026, 11:10
Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды
25.09.2026, 11:05
Каспийдегі қайғылы оқиға: Әр лауазымды тұлға қатаң түрде жауап береді
25.09.2026, 11:05
Құтқарушылар екі сарбаздың денесін судан шығарды
25.09.2026, 11:05
Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні
25.09.2026, 11:02
Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасына қаржылай көмек көрсетеді
25.09.2026, 10:19