Кімдерге несие берілмейтіні белгілі болды
Тұтынушылық кредиттерге қатысты талаптар күшейтіліп жатыр. FinGramota.kz порталының жазуынша, енді қарыз алушының барлық несиеге берешегі айлық табысының 25 пайызынан аспауы тиіс. Бұрын 50 пайыз болған. Яғни қарыз алушының табысы 300 000 теңге болған жағдайда, несиенің ай сайынғы төлемі 75 000 теңгемен шектеледі. Сондай-ақ кейбір азаматтарға жаңа тұтынушылық несие мүлде берілмейді. Сонымен қатар 30 күннен астам немесе микрокредит бойынша 1 күннен астам мерзімі өткен берешегі барлар, 2025 жылғы 1 шілдеден кейін соңғы үш жылда қарыздары толық кешірілгендер, соңғы бір жылда несиесі қайта құрылымдалып, соған қарамастан қарызын уақытында өтей алмағандарға несие беруге тыйым салынады. Портал бұл шектеу қайталанатын дефолттар мен шамадан артық кредит алудың алдын алу үшін енгізілді деп жазған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы