Президент зияткерлік меншік туралы заңға қол қойды
Президент зияткерлік меншік мәселелері бойынша заңға қол қойды. Енді, авторлық жұмыстар өз деңгейінде бағаланады. Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Байтілесовтің сөзінше, бұған дейін, көп жағдайда шығармашылықпен шұғылданатын азаматтардың еңбегі ескерілмей, авторлық ұйымдар сыйақысын лайықты төлемеген. Заңға сәйкес, келер жылы ұжымдық құқықтық басқару саласында бірыңғай цифрлық платформа құрылады. Тағы бір ескеретін жайт, автор немесе құқық иесі шығармасын заңсыз пайдаланып жатыр деп шағым түсірсе, Әділет органдары жоспардан тыс тексеру жүргізе алады.
Нұрсұлтан Байтілесов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Яғни, автор өзінің шығармашылығы арқылы қанша азаматтармен келісімшарт жүргізіп, қанша ақша түсіп отырғанынан хабарсыз болып келді. Енді цирфлық платформаның енгізілуінің арқасында барлығы ашық болады. Қанша келісімшартқа қол қойылғандығы, қанша сыйақы алу керектігі және т.б ашық көрініп тұратын болады.
Сондай-ақ, тауар белгілерін ақылы түрде тездетіп тіркеу тетігі енгізілмек. Қазір тіркеу 7 ай ішінде жүргізіледі. Енді бұл мерзім 4 айға дейін қысқарады. Бұдан бөлек, тіркеуге қатысты шағымдану мерзімі 1 айдан 2 айға ұлғайтылмақ. Тағы бір ескеретін жайт, автор немесе құқық иесі шығармасын заңсыз пайдаланып жатыр деп шағым түсірсе, Әділет органдары жоспардан тыс тексеру жүргізе алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы