Басты Жаңалықтар Тіс емханасында көз жұмған 4 жастағы қызға қатысты іс қаралды

Тіс емханасында көз жұмған 4 жастағы қызға қатысты іс қаралды

Астанадағы стоматологиялардың бірінде көз жұмған 4 жастағы қыздың наркоз алдында анамнезі ескерілмеген.

Бүгін сотта сараптама қорытындысы жарияланды. Оған сәйкес тістерін емдетуден бұрын қыз баланың пневманиямен ауырғаны ескерілмеген. Өкпе қызметі толық қалпына келмеген кезде «Севоран» препаратын төрт жарым сағат бойы қолдану – жедел гипоксияға, жүрек тоқтауына және мидың ісінуіне әкелуі мүмкін делінген. Кенеттен жағдайы нашарлап, реанимациялық шаралар нәтиже бермей, қыз бала оянбастан көз жұмған. Қайғылы жағдай осыдан бір жыл бұрын болды. Қыздың өліміне себепші ретінде клиниканың анестезеологы Аида Жұмағалиеваға Қылмыстық Кодекстің «Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру» бабы бойынша айып тағылды. Ол бір сеанста баланың бірден 18 тісін емдемекші болыпты. Сотта істі қарау жалғасып жатыр. Отырыс барысында операция процесінің толық бейнежазбасы көрсетілді. Әкесінің айтуынша, бірден 18 тісті емдеу және ұзақ наркоз жасау туралы шешімді тек анестезиолог емес, стоматолог та қабылдаған.


Бөлісу