3 ірі қалада қоқыс өңдеу зауыты салынады
Астана, Алматы, Шымкент қалаларында қоқыс өңдейтін зауыттар салынады. Бұл жөнінде Үкімет отырысында мәлім болды. Премьер-министр Олжас Бектенов зауыттардың құрылыс жұмыстарын келер жылдан қалдырмай бастауды тапсырды. Астанада салынатын зауыт құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы бағытта Елорда әкімдігі қытайлық компаниямен инвестициялық келісімге қол қойды. Жоба қалдықты кәдеге жарату бойынша жоғары технологиялық кешен құруды көздейді. Жаңа зауыт тәулігіне 1,5 мың тонна қалдықтарды кәдеге жаратуға және 50 МВт электр энергиясын өндіруге мүмкіндік бермек. Үкімет басшысы экологиялық төлемдер жергілікті бюжетке түсіп жатқанын атап өтті.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Алайда өңірлер осы қаражат есебінен экологиялық мәселелерді шешу үшін тиісті жұмыс жүргізбей отыр. Осыған байланысты Экология министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, экологиялық төлемдер есебінен қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату инфрақұрылымын құру мен қаржыландыру шараларын қабылдауды тапсырамын.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15
Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»
22.10.2026, 17:12
Атырау облысының кәріз жүйелерін толық ауыстырады
22.10.2026, 17:10
Үшжақты кездесу алдағы айға жоспарланды
22.10.2026, 17:09