Басты Жаңалықтар Соңғы жарты жылда 742 зорлық-зомбылық әрекеті тіркелді

Соңғы жарты жылда 742 зорлық-зомбылық әрекеті тіркелді

Соңғы жарты жылда елімізде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 742 факті тіркелді. Бұл жөнінде бүгін Астанада «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдың алу туралы» ұлттық баяндаманың таныстырылымында айтылды. Баяндама 4 бөліктен тұрады. Онда сауалнама деректері, ресми сан және сараптамалық бағалаудың қорытындысы келтірілген. Халықтың 80 пайыздан астамы қоғамда әлі де тұрмыстық-зорлық зомбылық бар екенін айтқан. Ал әрбір төртінші респондент отбасылық жанжалдың куәсі болған. Зорлық-зомбылыққа көбінесе әйелдер мен балалар ұшырайды, одан кейінгі тізімде мүгедек жандар, ер адамдар мен қарттар бар. Мамандар әсіресе балаларға қатысты көрсетілетін түрлі сипаттағы зорлық-зомбылық статистикасына алаңдаулы. Бұл ретте Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр. Ұлттық баяндамада мектептерде әдеп сабағын енгізіп, агрессорлармен жұмысты күшейтіп, отбасылық институттарының санын арттыру ұсынылып отыр. 

Ақнұр Иманқұл, Отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер орталығының басшысы:

Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің көбейгені – ол бұл фактілердің көбейгені дегенді білдірмейді. Керісінше заң өзгерді ғой, заң өзгеруіне байланысты құқық қорғау органдарының жұмысы алға қойылғанын білдіреді, выявительный характер дейді ғой, яғни соңынан емес, алдын алу жұмыстары жақсырақ екенін көрсетті.


Бөлісу