Басты Жаңалықтар Елімізде «GlobalMedKz» халықаралық көрмесі өтеді

Елімізде «GlobalMedKz» халықаралық көрмесі өтеді

Елімізде алғаш рет халықаралық деңгейде «GlobalMedKz» медициналық көрмесі ұйымдастырылмақ. Оған денсаулық сақтау жүйесі дамыған 16 мемлекеттен мамандар қатысады. Заманауи технологиялар көрмеге қойылып, тұрғындарға тегін кеңес беріледі.

«GlobalMedKz». Бұл - денсаулық сақтау саласын жан-жақты дамытуға бағытталған биылғы жылдың басты жиыны. Израиль, Германия, Кипр мен Түркиядан білікті дәрігерлер Астанаға арнайы келеді. Екі күн бойы инновациялық технологияларын таныстырып, медициналық туризімді жетілдіру жағын талқыламақ.

Кристина Кривец, Қазақстан медициналық туризм қауымдастығының президенті:

Көрмеде 40-тан астам эксперттер болады. Олар онкология, репродуктивный медицина, стомотология бойынша эксперттер. Сондай-ақ азаматтарға тегін кеңес өткізеді. Дәрігерлер үшін мастер-класстар, дөңгелек үстелдер өтеді. 

Қазақстан медициналық туризмнің даму қарқыны бойынша Орта Азияда көш бастап тұр. Биылдың өзінде 80 мыңдай шетелдік біздің елде емделген. Кейінгі кезде Еуропадан да келетіндер көбейген. Сарапшылар сөзінше, медициналық қызметтің бағасы мен сапасы көптің көңілінен шыққан көрінеді. 

Кристина Кривец, Қазақстан медициналық туризм қауымдастығының президенті:

Германия, Автралия мен Швециядан медициналық туристер бар. Көбінесе, кардиохирургия, нейрохирургия және де репродуктивті медицинаға келеді. Қазақстан медициналық туристерге төмен бағамен және технологиямен қызық болады.

Ендігі кезекте осынау туристік ағынды арттырып, тың технологияларды көптеп тарту межесі тұр. Бұл ретте 27-қарашада басталатын жиынның берері мол. Айта кетейік, «GlobalMedKz» шарасы «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтеді.

Бөлісу