2026 жылы МӘМС жарнасы жұмыссыздар үшін төленеді
Жаңа жылдан бастап МӘМС жарнасы жұмыссыздар үшін де төленеді. Яғни жұмыс істемесеңіз де, ауруханаға тегін қарала аласыз. Қазір қазақстандықтардың шамамен 60%-ы МӘМС жүйесінде жеңілдік санатына кіреді. Яғни олар үшін жарнаны мемлекет төлейді. Ал 3,5 миллионға жуық адам, бұл шамамен халықтың 18 пайызға жуығы МӘМС жүйесінде жоқ. Олардың шамамен 1 млн-ының әлеуметтік жағдайы дағдарыстық және шұғыл деңгей деп танылған. Енді олар да тегін медициналық көмекке жүгіне алады. Жалпы, 2026 жылы МӘМС жүйесіне шамамен 45 млрд теңгеден аса қаражат түседі. Оның 30 млрд теңгеден астамы – әлеуметтік осал топтағы азаматтар, 15 млрд теңгесі жұмыссыздар үшін аударылатын жарналар.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15
Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»
22.10.2026, 17:12
Атырау облысының кәріз жүйелерін толық ауыстырады
22.10.2026, 17:10
Үшжақты кездесу алдағы айға жоспарланды
22.10.2026, 17:09