Астанада «Әлем әуені» халықаралық өнер фестивалі басталды
Астанада тұңғыш рет ұйымдастырылған «Әлем әуені» халықаралық өнер фестивалі басталды. Ауқымды шараға түркі мемлекеттерінің 60-тан өкілдері қатысуда. Өнерпаздар бауырлас елдердің ортақ мәдени мұрасын бір сахнада тоғыстырады. Екі күнге созылатын фестивальде ғылыми, шығармашылық және практикалық бағыттағы кездесулер, шеберлік сабақтары мен симпозиум ұйымдастырылады. Ал фестиваль гала-концертпен қорытындыланады.
Азамат Бақия, қатысушы:
Мұражайымыз үлкен деңгейде қазір жұмысын бастап кетті. Қорымызда 1600-ден астам музыкалық аспап сақтаулы. Және осы симфозиумға келген, фестивальға келген барша қонақтарды ертең мұражайымызда күтіп, өзіміздің тәжірибемізбен бөлісетін боламыз.
Ақтоты Райымқұлова, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті:
Фестиваль аясында түркі әлемінің, түркі дүниесінің аспаптарды жасайтын ең беделді профессорлардың және шеберлердің симфозиумы. Сонымен қатар сол кісілердің шеберлік кластары және Астана қаласындағы бірінші алғашқы өнер мұражайының ашылуы.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15
Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»
22.10.2026, 17:12
Атырау облысының кәріз жүйелерін толық ауыстырады
22.10.2026, 17:10
Үшжақты кездесу алдағы айға жоспарланды
22.10.2026, 17:09