Елімізде жылу беру маусымы басталғалы өрттен 46 адам көз жұмған
Жылу беру маусымы басталғалы 46 адам тілсіз жаудың құрбанына айналған. Қаза тапқандардың 11-і – бала. Тоқ көздерін дұрыс пайдаланбау, баланы қараусыз қалдыру, тазаланбаған пештер оқыс жайттарды жиілеткен. Осынау қауіптің алдын алу үшін елімізде өртке қарсы жедел-профилактикалық шара жүргізіліп жатыр.
Қозы Көрпеш Жасаралұлы, тілші:
Айтып келмейтін апаттың бірі – өрт. Төтеннен келген тілсіз жау талай отбасының тағдырын күл-талқан етті. Елімізде жылу беру маусымы басталғалы 870 өрт тіркелген. Соның көбі жеке тұрғын үй секторларында болған.
Руслан Қайрақбаев, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы:
Жылу беру маусымы басталғанда 46 адам қаза болды. Оның ішінде 11-і – бала. Көп жағдайда электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан, пештердің ақауынан және мұржаның тазартылмауынан болады.
Қозы Көрпеш Жасаралұлы, тілші:
Жылу беру маусымына дайындық тек төтеншеліктердің мойнындағы міндет емес. Оған әрбір отбасы тыңғылықты әзірленуі қажет. Ең бірінші кезекте мұржаның тазалығына мән беру керек.
Қозы Көрпеш Жасаралұлы, тілші:
Жылу беру маусымы басталғанша төтеншеліктер 72 мыңдай тұрғын үйді аралап, қауіпсіз жағдайға келтірген. Қазір әсіресе әлеуметтік осал топтарға ерекше екпін беріліп отыр. Улы газды анықтайтын 29 мыңдай датчик орнатылған.
Ербағлан Полатов, ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері:
Астана қаласы бойынша 31 мың тұрғын үй бар. Соның қазір 13 мыңын араладық. Отбасына көмір тотығын анықтайтын датчик орнатылды.
Қозы Көрпеш Жасаралұлы, тілші:
Электр желілерінің қысқаша тұйықталуы да қауіптің ең негізгі көз саналады. Сондықтан мамандар мұқият болуды ескертеді.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алтын виза» кімдерге беріледі?
10.05.2026, 19:49
Дәрі-дәрмек нарығындағы ұрлық: 3,7 млрд теңгені жымқырған компанияны әшкереленді
10.05.2026, 19:48
Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
10.05.2026, 19:46
ШҚО-дағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты
10.05.2026, 19:44
Шығын бар, кіріс қандай? Цифрлық саланың экономикаға пайдасы
10.05.2026, 19:40
Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
10.05.2026, 19:38
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06