Банктер несие беруден жаппай бас тарта бастады
Банктер жаппай несие беруден бас тарта бастады. Ұлттық банк 21 банкт арасында сауалнама жүргізген. Нәтижесінде ұйымдардың халыққа несие беруді мақұлдауы сирей бастағаны анықталды. Кепілсіз кредит 32, тұтынушылық несие 22, ипотека 23, ал автокредитке несиені мақұлдау 17%-ға төмендеген.
Қажыкелді Шамбы, экономика ғылымдарының PhD кандидаты, экономист:
Құжат қабылданғанға дейінгі дүние 50 процент болған. Яғни, адамның табысы 500 мың теңге болса, 250 мың теңгеге кредит алатын болса, онда банк бере беретін. Қазір 30 процент. Мысалы, 500 мың теңге айлығы болса, тек 150 мың теңге айына төлейтіндей кредит ала алады. Одан артық ала алмайды. Бұл жағдайда банктер тарапынан қазір қайтадан тәуекелдерін есептеп, егер 30 проценттен асып кететін болса, жеке тұлғалардың өтінімдерін кері қайтарып жатқаны баршылық. Қазіргі кредит жағдайы банк жүйесі тарапынан халықты кредиттік тәуекелден қорғау мақсатында істеліп жатыр.Келер жылы халықтың шамадан тыс несие алуын шектейтін құрал іске қосылады. Бұл механизм халықаралық тәжірибеде тиімділігін көрсеткен. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, жаңа механизм қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалайды. Олардың жалпы берешегін шектеу үшін кеңінен қолданылады.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Бүркітші» көркем фильмі көрерменге жол тартты
10.09.2026, 10:12
«Тарифті инвестицияға айырбастаудың» жаңа бағдарламасы іске қосылды
10.09.2026, 10:06
Ақтөбеде қоғамдық орындарды ластағандар жауапқа тартылды
10.09.2026, 10:02
APPLE бүктелетін жаңа смартфондар ұсынды
10.09.2026, 10:01
Филиппин аралдарында паром өртеніп, 87 адам жоғалып кетті
10.09.2026, 10:00
Шымкентте қоғамдық көлікке қатысты шағым көбейді
10.09.2026, 10:00
Құрылтайдың жаңа жұмыс тәрітібі айқындалады
10.09.2026, 09:59
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 09:57