Қазақстан ТМД-дағы ең білімді мемлекет атанды
Қазақстан жоғары білімі бар тұрғындар саны жағынан ТМД-да көш бастап, ең білімді мемлекет атанды. Еліміздегі әрбір төртінші азаматтың жоғары оқу орнын тәмамдағаны туралы дипломы бар. Бұл деректер ТМД Статистикалық комитеті жүргізген халық санағы кампанияларының нәтижелеріне негізделген. Санақ әр елде 2019 бен 2024 жылдар аралығында өткізілді. Қазақстанда 2024 жылы жоғары оқу орындарын бітірген түлектер саны 150 мыңға жуықтаған. Былтыр еліміз білім беру саласына 1 трлн теңгеден астам инвестиция салды.
Оксана Гололобова, ЮГОР мемлекеттік университеті халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры:
Қазақстан - біздің басты серіктесіміз. Өйткені жоғары оқу орындары сапалы білім береді. Оннан астам қазақстандық жоғары оқу орнымен әріптестік туралы меморандумға қол қойдық. Алдағы уақытта оның санын көбейту жоспарланып отыр. Себебі халықаралық талапқа сай білім беретін оқу орындары мықты мамандарды даярлайды.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06