Басты Жаңалықтар Қорғаныс саласы да бірыңғай цифрлық жүйеге көше бастады

Қорғаныс саласы да бірыңғай цифрлық жүйеге көше бастады

Елімізде 17 мен 63 жас аралығындағы азаматтарға қатысты деректер Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесіне жинақталды. Қазір 1 миллионға жуық азамат әскери комиссариатқа келуден босатылған. Себебі ақпараттық базада оларға қатысты арнайы тізім түзілген. Сондай-ақ қазір әскерге шақыру туралы хабарлама SMS арқылы жіберіліп жатыр. Былтырдан бастап іске қосылған «Smart военкомат» жобасы осындай мүмкіндіктерге жол ашқан. Тағы бір тиімді тұсы, азамат тұрғылықты мекен-жайын ауыстырған жағдайда көшіп барған аймақтағы әскери бөлімге автоматты түрде тіркеледі. Медициналық тексеріс те цифрландырылмақ. Ақпараттық жүйе пилоттық негізде Астана, Шымкент қалаларында және Қарағанды облысындағы Абай қаласында іске қосылған.

Дархан Ахмедиев, Қорғаныс министрінің орынбасары:

«Smart военкомат» алдыңғы жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Барлық әскери комиссариаттарға орнатылған. Біз осы ақпараттық жүйенің арқасында барлық 17 жас пен 63 жас аралығындағы ерлердің ақпаратын осы базада көре аламыз.


Бөлісу