ШЫҰ елдерінің жаһандық экономикаға қосқан үлесі артқан
Премьер министр Олжас Бектенов Мәскеуде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары бас қосқан жиынға қатысты. Делегация Ресей Президенті Владимир Путинмен де кездесті.
Онда ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимыл мәселесі талқыланды. Ұйымның жаһан экономикасына қосқан үлесі 2 есеге артып, 30%-ға өскен. Қазақстанның мүше мемлекеттермен тауар айналымы былтыр 67 млрд доллардан асқан.
Премьер-министр сондай-ақ ұйымға мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің шағын
және кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Сауда-экономикалық ынтымақтастық,
қаржы секторы, жасанды интеллект, су ресурстары, экология және тағы басқа
саладағы өзара іс-қимыл мәселелесін талқылады. Жиында көлік-транзиттік бағытты
дамытуға баса назар аударылды. Қазақстан Еуразияның негізгі хабтарының бірі
ретінде теміржол, автожол, әуе және порт инфрақұрылымын жаңғырту арқылы
транзиттік қуатын күшейтуде. Отырыс қорытындысы бойынша көпжақты
сауда-экономикалық, әлеуметтік даму, қорғаныс және тағы да басқа саладағы бірқатар
құжатқа қол қойылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы