Астанаға Эстон ұлттық музейі келді
Астанаға Эстон ұлттық музейі келді. «Қолмен өрілген қолғап сыры» деп аталатын жылжымалы көрменің ашылу салтанатына еліміздің Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Эстония президенті Алар Карис қатысты. Көрмеге қойылған жұмыстар Эстон ұлттық музейінің түпнұсқа коллекцияларына сүйене отырып әзірленген. Алар Каристің айтуынша, әр қолғаптың ішінде бір адамның тарихы бар. Ғасырлар бойы онда адамның өмірге көзқарасы өрнектеліп отырған. Мәртебелі мейман мәдени мұраны насихаттауға үлес қосқан қазақ халқына ризашылық білдірді.
Алар Карис, Эстония президенті:
Эстониядан келген көрмені ашу мен үшін үлкен қуаныш. Бұл көрменің атауы - Hand in Glove. Яғни, ол Қазақстан мен Эстонияны өзара жақындастырады. Бұл – уақытша көрме. Бірақ мен мұны тек бастамасы деп үміттенемін. Бұл біздің мәдениеттерімізді біріктіреді. Сол үшін музейге, сондай-ақ осы көрмені жасаған адамдардың бәріне алғыс айтқым келеді.
Эстон халқында қолғап тоқу дәстүрі көнеден келе жатыр. Қолғап рухани құндылықтарға деген құрмет пен достықтың символына айналған.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нобель сыйлығының физика бойынша иегері анықталды
06.10.2026, 17:09
Саяси реформалар – дамудың кепілі
06.10.2026, 17:08
Эбола вирусы Кенияда да тіркелді
06.10.2026, 17:07
Цифрландырудың арқасында ₸1,5 трлн үнемделді
06.10.2026, 17:05
Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы Бас қолбасшысын уақытша ұстау изоляторына қамады
06.10.2026, 17:02
Мемлекет басшысы мен Оман сұлтаны шағын құрамда келіссөз жүргізді
06.10.2026, 17:00
Абай болыңыз: Жолдарда қар аралас жаңбыр жауады
06.10.2026, 13:17
11 өңірде жылу маусымы басталды
06.10.2026, 13:15