Ресейде тұмау жұқтырғандар көбейген
Ресейде тұмау жұқтырғандар көбейген. Роспотребнадзор
инфекция жұқтырғандар соңғы екі аптада өскенін айтады. Науқастардың басым
бөлігінде вирустың омикронға ұқсас штамы анықталған. Вирус әсіресе балалар мен
қарттар үшін қауіпті. Басты белгілері тұмауға ұқсас болғанымен, бұл мутацияға
ұшыраған індетті жұқтырғандарда өкпе қабынуы байқалады. Сондықтан Ресейде
тұмау, коронавирусқа қарсы вакцинация қайтадан басталады. Ал мамандар жаңа
жылдан соң инфекция шарықтау шегіне жететінін айтып отыр.
Геннадий Онищенко, дәрігер:
Қолда бар вакцинаның бұл штаммдарға қарсы әсері бар, ағзада жарты жылға дейін имммунитет қалыптастыра алады. Жалпы Ресейде түрлі мутацияға ұшыраған 200-ден астам инфекция тіркелген. Қазіргі таңда 54 миллионға жуық адам екпе алды. Тағы 20 миллион тұрғынға вакцина салынуы тиіс. Сонымен қатар, балаларға арналған бөлек вакцина бар. Екпе бірінші кезекте дәрігерлер мен мұғалімдерге салынады.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06