Басты Жаңалықтар Ресейде күз маусымында 10 жылда болмаған жылы ауа райы тіркелді

Ресейде күз маусымында 10 жылда болмаған жылы ауа райы тіркелді

Жылда бұл уақытта қалың қардың астында жататын Ресейде де қыс жылы болады. Жергілікті синоптиктердің болжамы осы. Ертең Мәскеуде сынап бағанасы +9 градустан асады. Соңғы рет мұндай температура 1940 жылы болған.

Әлемдегі суық астаналардың бірі саналатын Мәскеуде күз биыл ерекше жылы. Екі рет жауған қар бірнеше сағатта еріп кеткен. Толассыз жаңбырдан шаршаған мәскеуліктер мұндай жылы ауа райына үйренбегенін айтады.

Соңғы рет аномальді жылы күз бен қыс 2019 жылы тіркелген еді. Ол кезде қар жаумай, тіпті Мәскеу әкімдігі Швейцариядан жасанды қар сатып алған. Тұрғындар бір шелек жасанды қарды 5000 рубльден, яғни 30 мың теңгеге жуық бағаға саудалаған. Биылғы қыс та жылы болады деген болжам бар.

Александр Шувалов, «Метео» болжау орталығының басшысы:

Биылғы күз ең жылы 10 күздің қатарына кіреді. Қазан айында да ауа райы жылы болып, 8-9 градус нормадан асты. Қараша айының басында да аномальді жылы күз тіркелді. Бұл өзгерістер жаһандық жылынумен байланысты деп ойлаймын.

Орташа есеппен Мәскеудегі қар жамылғысының қалыңдығы - 50 см. Мамандар қар қалыңдығы биыл 30 сантиметрге жетпеуі мүмкін дейді. Алайда биыл Ресей астанасында 2 маусымда қар жауғанын ескерсек, осы қыс аномальді жылы болмақ. Бұл қалыпты климаттық аймақ үшін ерекше құбылыс.


Бөлісу