Алматыда жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан чемпионат өтеді
Алматы қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтеді. Зияткерлік ойында 200-дей спортшы өнер көрсетеді. Жарысқа 20 мемлекеттен жасөспірім қатысады. Сайыста 15-17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар рапид және блиц түрлері бойынша бақ сынайды. 2020 жылы ЮНЕСКО тоғызқұмалақ ойыны адамзаттың материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізген. Әлем чемпионаты ұлттық ойынды дамытуға және оны жаһан жұртына таныту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Айта кетейік, тақта үстіндегі тартысты ойын 17 қарашада басталып, 23-іне мәресіне жетеді.
Аманбай Нұрмұханбетов, ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары:
Қазіргі күні дайындық өте жоғары деңгейде. Тоғызқұмалақ спорт түрі елімізде қарқынды даму үстінде. Қазіргі күні елімізде тоғызқұмалақпен 200 мыңнан астамы спортшылар шұғылданады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы