Ақмола облысында астық өңдейтін зауыт салына бастады
Биыл ақмолалық диқандар қамбаны дәнге толтырып, рекордтық өнім жинады. Енді ауыл шаруашылық дақылдарын терең өңдеуге екпін берілмек. Қамбаға құйылған 7,6 миллион тонна дақылдың 70 пайызы жоғары сапада. Енді өнімді терең өңдейтін зауыттың құрылысы қолға алынды.
Бұл – $1,8 млрд көлеміндегі инвестиция. Оның аясында жылына 3 миллион тоннаға дейін астық өңдейтін зауыт салу жоспарланған. Маңыздысы, бұл жерде түпкілікті сұранысқа ие болатын тауарлар – натрий глутаматы, крахмал және минералды тыңайтқыштар өндірілетін болады.
Республикалық «Ақмола» индустриалды аймағы инвесторлар үшін тартымды орталыққа айналған. Марат Ахметжановтың сөзінше, онда жалпы құны 1 трлн. теңгеден асатын жобалар жинақталған. Ал Көкшетаудағы жылу электр орталығы құрылысының белсенді кезеңі келесі жылы басталады деді. Сондай-ақ көгілдір отынмен қамтуға да көңіл бөліне бастаған. Табиғи газға қол жеткізген тұрғындар саны бүгінде 115 мыңға жетті. Келер жылы 6 елді мекенді газдандыру жоспарланса, елорданың іргесіндегі Қоянды ауылы тұрғындары жақында от жағудан құтылады деді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы