Мәскеуде қазақ мәдениетінің күндері өтті
Іргелес елдегі қандастарымыз ұлттық өнерді ұлықтап, салт-дәстүрді жаңғыртуға баса көңіл бөледі. Нәтижесінде соңғы уақытта домбыра үйірмелерінің де саны артқан.
Ұлттық
болмысты сақтап, дәстүрді дәріптеп жүргендердің бірі - Айшат Байғазиева. Ол
соңғы бір жылдан бері қазақ тілінен тегін сабақ беріп жүр.
Айшат
Байғазиева, қазақ тілі мұғалімі:
Қашан да біз балаларды жинап, «Бала тілі - бал», «Бақытты балалық шақ» атты конкурстар өткіземіз. Біздің ұрпақтарымыз қашан да біздің ізбасарларымыз болып, тілімізді, дінімізді ұмытпай, келешекте өз тілінде сөйлей беруіне тілектеспіз.
Қазақтың
белсенді аналары Мәскеу төрінде апта сайын мәдени және әдеби іс-шараларды
ұйымдастырады. Құрақ тігу, тоғызқұмалақтан шеберлік сағаттары да бар. Соңғы
уақытта ұлттық үйірмелерге келем деушілердің саны артқан.
Серік
Тойғанбаев, Мәскеу қаласының тұрғыны:
Мен осы Мәскеуде 30 жылдан бері тұрып жатырмын. Мәскеуде қазақ саны шамалы, он мыңдай бар. Біз осында елді сағынғаннан кейін, жерді сағынғаннан кейін, дәстүрімізді, мәдениетімізді сағынғаннан кейін жиналамыз, бас қосамыз.
Жалпы,Ресейде 600 мыңға жуық қазақ тұрады. Шеттегі қандастарымыз әр өңірде қазақ
ұлттық мәдени ұйымын құрған. Сондықтан Омбы, Түмен, Орынбор облыстарында қазақ
тілі сыныптарын ашу көзделуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы