Басты Жаңалықтар Мәскеуде Достық сквері ашылды

Мәскеуде Достық сквері ашылды

Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің Достық сквері ашылды. Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева салтанатты рәсімге қатысты. Бұл сквер екі елдің достығының айқын көрінісі іспетті. Толығырақ тілші тарқатады.

Қазақстан мен Ресейдің Достық сквері екі мемлекет арасындағы тарихи әрі мәдени байланыстардың белгісі. Биыл мамыр айында Астанада «Қазақстан мен Ресейдің Мәңгілік достығы» аллеясы да ашылған еді. Мәскеудегі сквер Алматинская метросының жанында орналасқан. Метро станциясы 2012 жылы Панфилов дивизиясы құрылған қала есімімен аталған.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

Біз Қазақстан мен Ресейдің Достық саябағын аштық. Біз үшін бұл елорданың мыңдаған саябақтарының бірі ғана емес, бұл қос мемлекеттің президенттері Қ.Қ.Тоқаев пен В.В.Путиннің көпжылдық өзара құрметінің, шынайы сенімі мен жеке достығының маңызды әрі заңды нәтижесі. Ал оның символы уақыт пен тарихтың сынағынан өткен, екі ел халқының мәңгілік достық рухында жатыр.

Андрей Якцин, РФ Федералдық жиналысы федерация кеңесі төрағасының бірінші орынбасары:

Ресей мен Қазақстанның достығын бейнелеген осы салтанатты шараға қатысу – үлкен мәртебе. Бұл идея Мәскеу қаласы басқармасының бастамасымен жүзеге асып, Ресейдің сыртқы істер министрлігі тарапынан қолдау тапты. Оның үлкен мәні бар, бұл - Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық қатынастардың айқын көрінісі деп есептеймін.

Достықты әспеттейтін сквер қала тұрғындары үшін емін-еркін демалатын  жайлы орынға айналмақ. Сонымен қатар, мұнда мәдени іс-шараларды өткізуге мүмкіндік бар.


Бөлісу