Басты Жаңалықтар Алматылық сәулетші студенттер кәсіби дағдыларын шыңдады

Алматылық сәулетші студенттер кәсіби дағдыларын шыңдады

Құрылыс саласындағы білікті мамандарды дайындау – заман талабы. Бүгін Алматыдағы Архитектура, дизайн және инженерия колледжінде студенттерге шеберлік сағаты ұйымдастырылды. «Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілген тәжірибелік сабақтың мақсаты – тәлімгерлердің кәсіби біліктілігін дамытып, белсенді оқу үдерісіне бейімдеу» дейді оқытушылар. Сабақ барысында колледждің жоғары курс студенттері тәлімгер ретінде сабақ өткізіп, өзінің кәсіби шеберлігі мен педагогикалық қабілетін көрсетті. Бұл бастама шәкірттердің өзіндік білім алу, жауапкершілік пен көшбасшылық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді. 70 жылдық тарихы бар Архитектура, дизайн және инженерия колледжінде 900-ден астам студент білім алады. Оқу орны құрылыс, ағаш өңдеу, сәулет және дизайн,  халық музыкалық аспаптарын дайындау бағыттары бойынша мамандар даярлайды.

Камал Жаманкөзов, Архитектура, дизайн және инженерия колледжінің директоры:

Құрылыс саласы өте маңызды рөл атқарады экономикамызда. Бүгін ерекше күн – «Дублер күні» дейміз, өндірістік оқыту сабағын біздің тәлімгерлер емес, оның орнына біздің студенттеріміз өткізеді. Жұмысқа тұру пайызы жоғары, соңғы 3 жылдың көрсеткіші – 93,8 пайыз.


Бөлісу