Басты Жаңалықтар «Кітап оқитын ұлт» жобасына ауылдықтар да белсене қатысып жатыр

«Кітап оқитын ұлт» жобасына ауылдықтар да белсене қатысып жатыр

Батыс Қазақстан облысына қарасты Қабыршақты ауылының тұрғындары «Кітап оқитын ұлт» марафонына зор ынтамен қатысып жатыр. Ауылдық кітапхана жақында ашылған жаңа Мәдениет үйінде орналасқан. Онда 15 мыңнан астам кітап бар. 800-ге жуық оқырман тіркелген. Зейін мен зердені шыңдайты жобаға қызығушылық жоғары. Жалпы облыс бойынша 70 мыңнан аса тұрғын қатысып жатыр. Күні бүгінге олар 25 мыңнан астам кітап оқыған.

Мейрамгүл Нұрсұлтанова, Қабыршақты ауылдық кітапханасының меңгерушісі:

Мектептен оқушыларымыз, ұстаздарымыз, мемлекеттік қызметшілер осы марафонға қатысып жатыр. Кітапты оқыған соң, он күн сайын бейнероликтер түсіріп, пікір алмасып отырады. Жақсы оқып жатыр. Әсіресе, оқушылар зор қызығушылықпен қатысып жатыр марафонға.

Бөлісу