Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады
2029 жылдың соңына дейін ұлттық қордан құрылыс саласына 6,5 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жариялаған жолдауында айтты. Иә, Президент қарқынды құрылыс салу мәселесіне кеңірек тоқталды. Атап айтқанда, жолдар, әуежайлар, вокзалдар, денсаулық сақтау мекемелері, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтары да көптеп салынады. Президент бұл жобаға «Халықтық құрылыс» деген атау беріп, келесі жылды жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды. Дәл қазір сол алаңда жүрген әріптесім Раушан Сайлауқызы тікелей эфирге қосылуға әзір. Раушан Мемлекет басшысы тағы қандай маңызды мәселелерге тоқталды?
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Рақмет, Ернұр. Иә, Президент тоқталған маңызды тақырып өте көп. Соның бірі – ең төменгі жалақыға қатысты. Енді ең төменгі айлық көлемі 85 мыңнан 110 мың теңгеге көтеріледі. Бұл 1,8 млн адамның табысын арттыруға ықпал етеді.
Президент айрықша назар аударған тақырып – ол әрине құрылыс саласы. Ең әуелі сапалы инфрақұрылым салу мәселесіне тоқталып, бірқатар міндеттер жүктеді. Алдымен жан-жақты зерттеу және талдау жүргізіп, облыстар қажет нысандардың тізімін жасақтау керек.
Осылайша ауылды аймақтардың да жайлы өмір сүруіне толық жағдай жасалуы тиіс, - деді мемлекет басшысы. Бұл ауқымды жұмыстарды іске асыру үшін Ұлттық қордан 2029 жылдың соңына дейін 6,5 трлн теңге бөлінеді. Келесі мәселе – логистика. 2027 жылы елімізде «Бақты – Аягөз» теміржол желісі іске қосылады. Жаңа бағыттың арқасында Қытаймен жүк өткізу мүмкіндігі 20 млнға тоннаға артады. Тамызда «Арал – Каспий» күрежолының құрылысы басталған еді. Бұл Транскаспий дәлізінің қашықтығын 1000 шақырымға қысқартып, жүк жеткізу мерзімін үш күнге азайтады. Президент осындай ауқымды жобалардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қадағалауды тапсырды. Мемлекет басшысы геологиялық барлау тәсілдерін түбегейлі өзгертуді талап етті. Айрықша металдардың қорын тиімді басқаратын ұлттық жүйе құруды керек. Түпкі мақсат – елімізді жаһандық өндіріс тізбегіне қосу. Президент бизнеске қолдан тосқауыл жасауды – мемлекетке жасалған қылмыс деді. Сондықтан кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру мәселесіне тоқталды. Бұдан бөлек, энергетика, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық, цифрлық даму салаларына қатысты өзекті тақырыптарды қаузады. Толығырақ кешкі жаңалықта айтамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы