Басты Жаңалықтар Президент келесі жылды «Құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынды

Президент келесі жылды «Құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынды

Мемлекет басшысы келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Осы жылдың аясында әр облыс орталығында, аудандарда, тіпті елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салуға және жөндеуге кірісуіміз керек. Бұл ауқымды жұмысты іске асыру үшін 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлінеді. Бірінші кезекте аймақтарда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады. Сондай-ақ 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемелерінің құрылысы басталады.

Бүкіл құрылыстың барысы қатаң бақылауға алынып, Үкімет бұрын-соңды болмаған Инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарын әзірлеуі тиіс. Барлық аймақта шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар және ғылыми орталықтар бой көтеруі керек. Оған қоса жолдар, әуежайлар, вокзалдар, денсаулық сақтау мекемелері, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының құрылысын бастау қажет.

Бөлісу