Басты Жаңалықтар Президент шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялауды ұсынды

Президент шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялауды ұсынды

Президент Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды. Бұл халықтың әл-ауқаты жақсарады деген сөз. Кәсіпкерлер үшін де жақсы жаңалық бар. Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауда шағын бизнесті тексеруге мораторий жариялауды ұсынды. «Бизнеске қолдан заңсыз тосқауыл жасау, бұл – мемлекетке қарсы жасалған қылмыс деп айтсақ артық болмас», - деді. Енді Үкімет пен Құрылтай депутаттары алдағы үш жылға кәсіпкерлерді тексеруге мораторий енгізу мәселесін талқылауы тиіс. Президент қаржы нарығын реттеуші мекемелер де өз міндеттерін сапалы әрі тиімді орындауға тиіс екенін еске салды.  

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Еліміздегі банктердің активі 75 триллион теңгеден асты. Депозиттердің көлемі рекордтық көрсеткішке, нақты айтқанда, 52 триллион теңгеге жетті. Салымдардың 78 пайызы ұлттық валютада сақталған. Бұл ұлттық теңгенің құндылығы арта түскенін көрсетеді. Ендігі маңызды міндет – жинақталған қаржы ресурстарын экономиканың нақты секторын дамытуға пайдалану.

Бөлісу