Басты Жаңалықтар Волонтерлар Арал теңізінің табанына 2 мың түп сексеуіл көшетін екті

Волонтерлар Арал теңізінің табанына 2 мың түп сексеуіл көшетін екті

«Aral Green» халықаралық волонтерлар қозғалысы Арал теңізінің құрғаған ұлтанына барып, 2 мың түп сексеуіл көшетін екті. Ауқымды экоакцияға елімізден және Орталық Азия мемлекеттерінен жүзден аса ерікті атсалысты. Экологиялық апат аймағы бүгінде миллиондаған гектар жерді алып жатыр. Жыл сайын құрғаған теңіз табанынан мыңдаған тонна тұзды-тозаң ауаға көтеріліп, ғаламдық мәселеге айналып отыр. Сор басқан даланың экожүйесін қайта қалпына келтірудің бірден-бір жолы - сексеуіл егу. Бұл жұмыстарға эко волонтерлар да өз үлесін қосып, орманшылармен бірге көшет екті.

Дана Рүстембекова, волонтер:

Қаланың әр жерінде ағаш егіп жүргеннен кейін Аралдың қақ ортасына келіп сексеуіл егу, әрине ерекше сезім берді. Сексеуіл еккен өте қызықты.  Арнайы өзінің егу тәсілі бар екен. Тракторға мініп, сол арқылы ектік.

Бөлісу