Энергетика саласы: Сұраныс пен ұсыныстың арасы алшақ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі энергетика саласындағы мәселелерге де тоқталды. Мемлекет басшысының сөзінше сұраныс пен ұсыныстың арасы тым алшақ. Қыста электр энергиясын көрші мемлекеттерден қымбатқа сатып алып, жазда төмен бағамен қайтару тәжірибесі де назардан тыс қалмады. Балқаштағы жылу электр орталығының құрылысы тоқтап қалғанын, Түркістан, Қызылорда, Алматы және Екібастұз қалаларында жаңа электр қуаттарын іске қосу мерзімдері кейінге шегерілгенін сынға алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Алдымызда стратегиялық міндет тұр: 2029 жылға қарай электр энергиясының тұрақты профицитіне қол жеткізу. Ол үшін жаңа электр станцияларын салып, қолданыстағыларын жаңғырту, көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларын заманауи, экологиялық таза технологиялар негізінде дамыту және жаңартылатын энергетикаға, әсіресе күн электр станцияларына басымдық беру қажет. Жалпы Үкімет 2035 жылға дейінгі елдің бірыңғай ұзақ мерзімді энергетикалық теңгерімін қайта қарауы керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы