Президенттің Ресейге сапарында жаңа декларацияға қол қойылмақ
Қазақстан мен Ресей стратегиялық әріптестік пен одақтастық деңгейіне көшу туралы декларацияға қол қоймақ. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Российская газета» басылымына шыққан «Мәңгілік достық – халықтарымызға жол сілтер темірқазық» атты мақаласында жазды.
Мемлекет басшысы екі мемлекет арасындағы берік іскерлік байланыс пен сенім, жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамыту мәселесін кеңінен қозғаған. Мақалада: «Менің Мәскеуге сапарымның күн тәртібі кең. Соның ішінде Қазақстан – Ресей қарым-қатынасының жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық деңгейіне көшу туралы декларацияға қол қою басты мәселе болмақ. Әрине бұл құжат екіжақты байланыстың жаңа дәуірін ашып, өзара сенімділіктің бұрын-соңды болмаған деңгейін және барлық бағыт бойынша тығыз жұмыс істеуге бірлескен дайындықты бастайды», - делінген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы