ДСМ: Тегін медициналық көмек сол күйі қалады
Келер жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар аурулар тізбесіне өзгерістер енеді. Яғни балалардың церебральды сал ауруы мен қант диабеті секілді диагноздар тізімнен алынып тасталмақ. Дегенмен олар бұрынғыдай қажетті көмекті тегін ала береді.
Бұған дейін «балалардың церебральды сал ауруы, ревматизм, дәнекер тінінің жүйелік зақымдануы мен қант диабетіне шалдыққандар тегін медициналық көмектен қағылуы мүмкін» деген ақпарат тараған. Жауапты министрлік медициналық көмектің көлемі қысқармайды – тек қаржыландыру көзі ғана өзгереді. Барлық сақтандырылған пациенттер МӘМС жүйесі шеңберінде емдеуді, консультациялар мен дәрі-дәрмектерді тегін ала алады деп хабарлады.
Әсел Қыдырәлиева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі:
Бұл пациентке ешқандай да медициналық көмекті қысқартуға, болмаса, қолжетімсіздігіне немесе медициналық көлемге ешқандай әсерін тигізбейді. Аталған пациенттер барлық деңгейде амбулаториялық, стационарлық, оңалту шараларымен және дәрімен толық қамтамасыз етіледі. Мемлекеттің берілген кепілдігі толығымен сақталады.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер
25.09.2026, 11:13
Мәскеуде Қазақстан елшілігі ғимаратындағы Ту төмен түсірілді
25.09.2026, 11:12
Ресей президенті Маңғыстаудағы сарбаздар қазасына байланысты көңіл айтты
25.09.2026, 11:10
Ауруханаға жеткізілген сарбаз есін жинады
25.09.2026, 11:09
Маңғыстаудағы жағдай: Екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды
25.09.2026, 11:08
Бас прокуратура: 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды
25.09.2026, 11:06
Каспийдегі қайғылы оқиға: Әр лауазымды тұлға қатаң түрде жауап береді
25.09.2026, 11:05
Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды
25.09.2026, 11:03