Басты Жаңалықтар Қазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша көшбасшылар қатарына енді

Қазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша көшбасшылар қатарына енді

Қазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша ТМД мен ИКАО-ның Еуро-Азиаттық аймағында көш бастады. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жүргізген кешенді аудиттің нәтижесінде стандарттарға сәйкестік деңгейі 95,7 пайызды құрады.

Еліміздің бұған дейінгі көрсеткіші 83 пайыз болған. Жаңа нәтижелер еліміздің авиациялық қауіпсіздік саласындағы негізгі заңнамасы мен бағдарламаларының, кадрлық даярлық пен техникалық бақылаудың, сапаны басқару және сертификаттау жүйелерінің тиімділігін көрсетеді. Бұл халықаралық тасымалдаушылар мен жолаушылардың сенімін арттырып, АҚШ-қа тікелей рейстер ашуға мүмкіндік береді.



Бөлісу