Басты Жаңалықтар Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлап, зардап шеккен 5 адамның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлап, зардап шеккен 5 адамның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің қаптамасы опырылып түсіп, сол кезде зардап шеккен 5 адамның екеуі әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Жарақат алғандардың екеуі фельдшер. Олардың біреуінің жағдай өте ауыр. Қала әкімдігінің хабарлауынша, екіншісі нейрохирургия бөлімшесінде ем алуда. Бұл оқиға өндірістік жарақат ретінде тіркелген. Полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, оқыс оқиға 8 қараша күні болды. Үйдің алдыңғы бөлігіне орнатылған кондиционер қондырғысы мен сыртқы кірпіш қаптамасы құлап, 5 адам жапа шекті.



Бөлісу